Текст
2023 жылы 31 қаңтар күні «Қоршаған ортаны зерттеу әрекеті арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту» тақырыбында кезекті №3 педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің күн тәртібі бойынша тәрбиеші Алпысбаева Ш.Т. «Зерттеу әрекеті арқылы балаларға экологиялық тәрбие беру» тақырыбында іс-тәжірибеден баяндама жасады. Жоспар бойынша әр топ тәрбиешілері ұзақ мерзімдік жобаларының презентациясын ұсынды. Педагогтермен жұмыстың белсенді түрін бөбекжай әдіскері Балабекова Р.З. өткізді. «Топтың табиғат бұрышы» байқауының нәтижесі бойынша «Еркетай» мектепалды тобының табиғат бұрышы ерекше жабдықталған деп қорытындыланып, әкімшілік атынан бөлме гүлімен марапатталды.