"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад № 1  города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Баланың дамуының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері»

«Баланың дамуының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері»

 

Үйлесімді физикалық, эмоционалдық және интеллектуалдық даму - денсаулықтың басты көрсеткіштері. Дені сау бала ширақ, күш-қуаты мол, білімге құштар келеді. Ол қоршаған орта жағдайларына жеңіл бейімделеді. Оның үстіне бала жасының негізгі ерекшелігі оның өсу және даму қарқыны екенін ескеру қажет. Бала неғұрлым кішкентай болса, бұл үдерістер соғұрлым тез, жедел өтеді. Педиатрияда физикалық даму термині деп балалық шақтың түрлі кезеңдерінде баланың бойының, салмағының, жекелеген дене мүшелерінің өсуі мен биологиялық өсіп-жетілуі түсініледі.

1.1.БАЛАНЫҢ ФИЗИКАЛЫқ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ.

Балалардың бойының өсуі мен дамуын дұрыс бағалау үшін баланың жасына сәйкес бұл параметрлер физиологиясының ерекшеліктерін, сондай-ақ оларға ықпал ететін факторларды білу қажет. Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері:

* дене салмағы;

* бойыұзындығы;

* бас шеңбері;

* психомоторлық дамуы.

Дене салмағы -- баланың өсуі мен дамуының неғұрлым маңызды құрамдас бөлігі, баланың салмақ қосуының баяулап қалуы немесе тоқтап қалуы оның жеткіліксіз тамақтануының және өсуінде кемшілік бар екенінің бірінші белгісі болып табылады.

Баланың салмақ қосуының физиологиялық динамикасы қандай?

* Дені сау, айы-күні жетіп туған нәрестенің салмағы 2,5 - 4,4 кг. аралығында болады. Туғаннан кейінгі алғашқы 3 - 4 күнде бала денесінің салмағы аздап азая бастайды, 5 - 6%-ға салмағын жоғалтады, мұны салмақтың физиологиялық кемуі деп атайды. Алғашқы аптадан кейін салмақ қосу тұрақты әрі үздіксіз жүреді.

* Алғашқы 6 ай ішінде дені сау сәби әр аптада 150 грамнан 250 грамға дейін салмақ қосады. Кейінгі 6 ай ішінде апта сайын денеге салмақ қосу - 100-150 грамды, 12-14 ай арасында - 50 грамды құрайды.

* Туғанына 5 ай толған соң, бала өзінің дене салмағын туған кезіндегі салмағына қарағанда екі есеге көбейтеді, ал 12 айға қарай - оны үш еселейді.

Бойы (денесінің ұзындығы). Бала туғаннан бастап 2 жасқа дейін денесінің ұзындығы деген термин қолданылады, ал 2 жастан асқан соң бойы деген термин қолданылады. Дені сау, айы-күні жетіп туған нәрестенің денесінің ұзындығы туған кезде 46-56 см болады. Өсу -- үздіксіз үдеріс. Түрлі жаста бұл үдерістің жеделдеуі немесе баяулауы мүмкін. Туғаннан кейін бойы өте тез, бірден өсе бастаған баланың әдетте кейінгі айларда өсуі бірте-бірте баяулай бастайды. Алғашқы 6 айда бала 16 см, кейінгі 6 айда 8 см өседі. 1 жастағы баланың бойы шамамен 75 сантиметрге өседі және 4 жаста туған кездегі денесінің ұзындығынан 2 есеге артық, 100 сантиметрді құрайды. 4 және 10 жас аралығында баланың өсуі салыстырмалы түрде баяу әрі бірқалыпты, бұл кезеңдегі бойдың өсуі жылына 5-7 см болады. Баланың бойы жыныстық жетілу басталған кезде жеделдейді. Бас шеңбері. Баланың бас шеңберінің өзгерістерін бақылау оның физикалық дамуына дәрігерлік бақылау жасаудың ажыратылмас компоненті болып табылады. Дені сау баланың басының өсуі оның миының өскенін көрсетеді. Туған кезде баланың бас шеңбері орташа алғанда 34-36 см болады. Бас шеңбері алғашқы айда неғұрлым тез (3-5 см) өседі. Бас шеңберінің орташа мәні 3-айда 40,5 см, 6 айда -- 43 см, 12 айда - 46 см болады. 6 жастағы баланың бойы ересек адамның бойының 70%-ын құрайтын болса, осы баланың бас шеңбері ересек адамның бас шеңберінің 90%-ын құрайды. Баланың өсуі мен дамуы үздіксіз жүріп отырады. Әу баста баланың басы тез өседі. Алғашқы 6 айдан кейін кеуде шеңбері тез өседі. 9-12 айдан бастап аяқ-қолдары мейлінше тез өсе бастайды.

1.2. БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОМОТОРЛЫқ ЖәНЕ АҚЫЛ-ОЙ ДАМУЫ

Психомоторлық мінез-құлық баланың өмірінің белгілі бір кезеңдеріндегі нерв жүйесінің түрлі бөліктерінің қалыптасуын білдіретін болғандықтан, баланың дамуының елеулі аспектісі болып табылады. Баланың дамуын бағалау үшін мыналар секілді бірнеше дағдылар түрін бөліп көрсетуге болады:

* қозғалтқыш (немесе моторика) - кесені ұстап, оны қолына ала білуі, аузына апара алуы, ... жалғасы

Жаңартылған күні: 05.04.2024 19:12
Құрылған күні: 05.04.2024 19:12

Текст