"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад № 1  города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Лэпбук" технологиясы

Мектеп жасына дейінгі балалар мен педагогтарға арналған «Лэпбук» технологиясы

   «Лэпбук» технологиясының негізгі құндылығы оны құрастыруға баланың өзі қатысуынан тұрады. Оған өз кітапшасын ресімдеуде толық еркіндік беріледі, сондықтан ол үшін бұл қызықты әрі біразға дейінгі өзекті болып қалады.

  Lapbook технологиясы – белгілі тақырыпты бекітудің, кітаптың мазмұнын түсіндірудің, зерттеу жұмысын жүргізудің керемет тәсілі, оның барысында бала ақпаратты іздеуге, талдау мен сұрыптауға қатысады.

Лэпбук – шетелдік өнертабыс, ол бізге Америкадан келді. Ол оқу материалын ұйымдастыру тәсілі ретінде ойластырылған.

  Лэпбук (лэпбук, lap – тізе, book – кітап). Егер сөзбе-сөз аударсақ, онда лэпбук – бұл тізеге қоятын кітап. Басқа атауларын да жиі кездестіруге болады: тақырыптық папка, интерактивті папка, жобалар папкасы. Бірақ мұның мәні лэпбук – бұл бала қолына алып, жылжыта, қалауына қарай жинай алатын қалташалары, шағын кітапшалары, терезелері, жылжымалы бөлшектері, қондырғылары бар қолдан жасалған интерактивті папка дегенге келіп саяды. Мұнда қандай да бір тақырып бойынша материал жинақталады.

  Лэпбук – мықты анықтамалық құрал және оқу материалын ұйымдастырудың айрықша нысаны ғана емес, бұл – ересектің баламен (педагогтың тәрбиеленушілермен, ата-ананың баламен. Әдіскер мен педагогтың) әріптестіктің жобалық қызметінің негізі.

Мақсатына қарай:

оқу;

ойын;

құттықтау, мерекелік;

автобиографиялық (бала өміріндегі қандай да бір маңызды оқиға туралы папка-есеп).

Нысанына қарай:

екі беттік стандартты кітапша;

3–5 беттік папка;

жиырылмалы кітапша;

пішінді папка.

Лэпбук А3 форматты папкадан тұрады, оған көрнекілік ақпарат берілген қалташалар, жиналмалы кітапшалар, терезелер мен өзге бөлшектер жапсырылады.

Лэпбукты дайындау үшін сізге мыналар керек

лэпбуктың басып шығарылған үлгілері немесе тақырып бойынша түрлі түсті суреттер;

А3 форматты қатты қағаз парағы немесе А4 екі парағы;

қайшы;

қарындаш желім;

түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер, түрлі түсті қаламдар;

скотч;

шексіз қиял.

Лэпбуктарға арналған тақырыптар

Папкаға арналған тақырыптың, күрделілік деңгейі әртүрлі болады. Бірақ жалпы емес, қандай да бір жеке тақырыпқа арналған лэпбуктар жақсы шығады. Бастысы – тақырып балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуға тиіс.

Мектепке дейінгі орта жастағы балалар үшін мына тақырыптар өзекті:

«Көкөністер мен жемістер»;

«Үй жануарлары мен жабайы жануарлар»;

«Көктем», «Жаз», «Күз».

Ересек жастағы балалар үшін: «Ғарыш», «Батырлар мен ханшайымдар»,«Сән» т.б.

Лэпбук – бұл суреттері бар кітапша ғана емес. Сондықтан ол тақырыпты толық ашуы үшін нені қамтуы тиіс екенін ойластыру керек. Ал ол үшін осы папкада баяндағыңыз келетін нәрсенің жоспарын құрастыру керек

Лэпбукпен жұмыс кезеңдері

Лэпбуктың тақырыбы белгіленген кезде макетпен жұмысты бастауға болады.

Макет – бұл элементтердің орналасу схемасы.

Лэпбукта міндетті түрде мына элементтер болуы тиіс:

Қалташалар. Мұнда тақырып бойынша суреттерді, шағын ойындарды салуға болады. Қалташаларға былай жазу керек: «Күзде қандай жемістер өседі?», «Жеміс немесе көкеніс».

Пішінді хатқалталар. Хатқалталарға ойындарды салуға болады. Егер бұл «Көбелектер» лэпбугы болса, «Көбелектің тіршілік циклін» немесе «Көбелекті әшекейле» сенсорлық ойынын және тағы сол сияқтыларды салуға болады.

«Айналмалы шеңберлер» элементтері. Олар жыл мезгілдерін, ауа райын, апта күндерін, ғаламшарды және т. б. белгілеуге жарамды.

«Кітапша» элементтері. Бұл элементке қысқа әңгімелерді, балалар жаттаған өлеңдер мен әндерді салуға болады. Ересек жастағы балалар тәрбиешінің көмегімен тақырып бойынша шағын әңгіме жаза алады.

«Жиналмалы кітапша» элементтері. Гармошка секілді жиналған қағазға тақырып бойынша жұмбақтар, мақалдар жазуға немесе жапсыруға немесе шағын сурет салуға болады.

«Блокноттар» элементтері. Мұнда, мысалы, көктем белгілерін, аяқталмаған өлеңдерді және т. б. ілуге болады.

«Екі және төрт бүктелген парақ» элементтері. Бұл элементте жылжымалы ойынды, суретті, мазмұндауға арналған мнемокестені және тағы басқасын ілуге болады.

«Бірнеше рет бүктелген жолақ» элементтері. Бұл элементке жолаққа түрлі ақпаратты ілеміз: түстер, сөздер және т. Б

Интерактивті кітап дайын болған соң оны таныстыруға, дидактикалық материал ретінде қолдануға, лэпбуктар кітапханасын жасауға және т. б. болады.

Лэпбукті кітап, шкаф, сандық, үйшік түрінде жасауға болады. Оның ерекше «тұсы» — дидактикалық материал салынған көп қалта. Мұндай қалташаларға заттардың суреттері, тапсырмалар жазылған карточкалар және т. с. с. салынады.

   Балаларға лэпбуктегі «құпия» жерлер қатты ұнайды. Бұл жабық есіктер немесе терезедегі бекіткіштер, оларды ашу арқылы суретті немесе схеманы көруге болады. Есікті құлыппен жасауға, оларды баулауға немесе «сыдырма» тігуге болады. «Лэпбук» жылжымалы элементтерден тұрады: жіпке тізілген моншақтар, нұсқарлар, батырмасы бар шешілетін бөлшектер және т. б.

Лэпбук бірден жасалмайды, бір тақырыпты меңгеру барысында жиналады. Бұл өткен материалды бекітуге арналған керемет құрал, оны кез келген сабақтар үшін қолдануға болады.

 

Жаңартылған күні: 27.01.2022 10:01
Құрылған күні: 31.01.2022 10:18

Текст