Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін
диагностикалау
Мектепке дейінгі шақ-баланың сезімдік тәжірибесінің молайып, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеруі, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болып саналады. Бес жастан жеті жасқа дейінгі балалардың қабылдауы жоғары болады. Осы жас аралығында балаларда көздің көргіштігі, түстер мен олардың реңдерін ажырату нәзіктігі артып, фонематикалық және жоғары дыбысты естуі дамиды, қол белсенді сезіну мүшесіне айналады. Бірақ бұл барлық өзгерістер өздігінен бола салмайды. Олар баланың болмыстағы заттар мен құбылыстарды олардың сан алуан қасиеттері мен қарым-қатынастарын тексеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс-әрекеттерін игеруінің нәтижесі болып есептеледі.
Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін, балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар . Сенсорлық эталондар балалар қабылдау әрекеттерін орындағанда қолдалынып, тексерілуге тиісті заттардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін айрықша өзінше бір өлшем қызметін атқарады.
Баланың оқу әрекетіне жеке басының дайындығын психологтар, оның өз психикалық процестерін басқара білуімен байланыстырады, демек баланың импульсивтік эмоциясынан арылып, ерік-жігер өасиеттері орын алып, қабылдау барысында, белсенділікті, тәртіптілік пен оқуға деген ынтасын көрсете алуына жағдай жасау, маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде балалар психологиясы ғылымында мектепке оқуға дайындықтың мазмұны тек баладағы біліммен, интеллектуалдық дайындығымен тұжырымдалмай, оның психикасының сапалы ерекшелігімен, белгілі психикалық жаңа құрылымдардың қалыптасуымен жүзеге асатындығын көрсетеді. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін дамыту түрлі жаттығулар мен әдістемелерді жүйелі түрде жүргізуді қажет ететін болғандықтан, төмендегідей әдістемелерді ұсынып отырмыз.
1. Зейін тұрақтылығын зерттеуге арналған «Шатасқан сызықтар» әдістемесі.
Балаға 10 шатасқан сызық бейнеленген сурет ұсынамыз. Әр сызықтың басында (cол жағында) және соңында (он жағында) өзінің нөмірі бар. Бірақ та бұл нөмірлер бір-біріне сәйкес келмейді. Баланы әр сызықтың басынан соңына дейін мұқият қадағалауын сұраңыз. Бұл жағдайда қалам, қарындаш немесе саусақ қолдануға болмайды. Бала сызықтың сол жағындағы, сосын оң жағындағы нөмірді дауыстап айтады. Барлық тапсырманы орындауға жұмсалған уақытты, жіберілген қателерді, жаңылыстарды және т.б. белгілеп отырыңыз. 6-7 жасар балалардың көпшілігі бұл тапсырманы 1-2 минут ішінде мүлде қатерсіз орындай алады.
2. Қабылдауды зерттеу әдістемесі.
«Қандай бейне толық емес?» әдістемесі Қабылдаудың тұтастығын бақылау.Балаға таныс заттар бейнеленген суреттерді ұсыныңыз. Оның әрбір суретке мұқият қарауын және жетіспей тұрған бөлігін атауын сұраңыз.
3. «Бұл не,танып ал» әдістемесі. Алдымен балаға суреттің бөлігін, фрагментте
көрсетілгендей анықтау қажет, яғни бөлік немесе фрагмент бойынша тұтас суретті салу керек. Балаға а) басқа барлық фрагменттері қағазбен жабылған үш суретті көрсетеді. Осы фрагмент бойынша бұл бөлшектер жалпы қандай суретке тиісті екенін айту керек. Есепті шешуге 10 секунд уақыт беріледі. Егер бала дұрыс жауап бермесе, онда оған 10 секундқа келесі толығырақ фрагмент көрсетіледі, тағы сол сияқты, бала суретте не бейнеленгенін аңғарғанынша жалғаса береді. Жалпы 6-7 жасар балалар фрагмент бойынша тапсырманы 20 секунд ішінде орындай алады.
Зейінді аудару қабілетін дамыту жаттығулары. Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, кереует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, тоғай, шанышқы және т.б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылымен жауап беру керек. Бала мұқият тыңдайды да, мысалы, жануардв білдіретін сөздерді естігенде, алақан соғады. Егер бала шатасын кетсе тапсырманы қайталаңыз.
Зейінді шоғырландыруды дамыту жаттығулары.Сабақты жүргізу үшін 10-15 айырмашылықтары бар суреттердің екі жұбын бірнеше бітпеген суреттер немесе қисынсыз мазмұнды суреттер,бірнеше жартылай боялған суреттер дайындау қажет. Бірінші тапсырмада балаға берілген жұп суреттердің барлық айырмашылықтарды атауы ұсынылады.
Екінші тапсырмада балаға кезектестіріп бітпеген суреттерді көрсетеді де,не салынбай қалғанын сұрайды немесе қисынсыз мазмұнды суреттерді тандап алып сәйкессіздікті табуды сұрайды.
Үшініші тапсырмада бірінші бөлігінің боялғанындай суреттің бөлігін бояуы керек. Барлық үш тапсырма бойынша нәтижелілік бағаланады- дұрыс аталған айырмашылықтар саны, аталған жеткіліксіз бөлшетер және қисын сызықтар саны, сонымен бірге дұрыс боялған бөлшектер саны есептеледі.
Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығын дамыту жаттығулары
Оқи білетін балаларға ұсынылады. Қағазда кездейсоқ ретпен әріптер басылған (5 жол) Әр
жолда шамамен 30 әріп бар. Бала әр жолды мұқият қарап, әріптер арасынан сөздерді құрауға тырысады. Ол осы сөздерді іздеп табуы (үш-, төрт-, бес-әріпті) және астан сызуы керек.
Ұқсасын тауып сыз.Мақсаты: оқушылардың зейінін, ойлауын дамыту. Мазмұны әртүрлі пішіндер салынған матрица ұсынылады. Матрицадан оқушы ұқсас пішіндерді тауып сызуы қажет. Тапсырманы орындауға 3-5 минут уақыт беріледі.
Дұрыс орналастыр. Мақсаты: оқушылардың логикалық – бейнелі ойлауын дамыту. Мазмұны: оқушыларға орындары алмасып кеткен бейнелер беріледі. Суреттердің әрқайсысын өзінің тиісті орнына орналастыру қажет. Тапсырманы орындауға 2 минут уақыт беріледі.
Қораптың иесін тап? Балаға сурет ұсынылады. Суреттегі ойыншық тауықты, балапанды, үйректі қораптарға орналастыру қажеттігі түсіндіріледі. Тауық үйректен үлкен, үйрек балапаннан үлкен. Сурет бойынша қайсысын қай қорапқа орналастыру керектігін тап.