26.11.2024 жылы жылдық жоспарға сәйкес "Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудағы инновациялық формалар, әдістер, технологиялар" тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті. "Сөйлеу бұзылыстары кезінде логопедиялық массаждың дәстүрлі және инновациялық технологиялары" тақырыбында педагог- логопед іс- тәжірибеден баяндама жасады. Тәрбиеші Клышева С.Қ. "Жапсырмамен ойындар" көрсетілім- презентациясын ұсынды. Коммуникация, таным, шығармашылық құзіреттіліктері бойынша тәрбиешілер Қойшыбаева З.Р., Клышева С.Қ., Жарқынбек Г, музыка жетекшісі Темір хан А. ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетті. Ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттерді педагогтер жаңа технологиялар қолдана отырып ойын түрінде өте жақсы деңгейде ұйымдастырды.