«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының “№1 бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегідей бос лауазымдар бойынша конкурс жариялайды:
Педагог-логопед-0,5 ставка;
Тәрбиеші-1 ставка;
Әдіскер-1 ставка;
Конкурс жарияланған лауазым атауы: «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының “№1 бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Конкурсты өткізу орны: Ақкөл қаласы, С. Нұрмағанбетов к 11.
Байланыс телефоны: +77163820538
Электрондық мекенжай: balabekova_62@mail.ru
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім бөбекжай сайтында, инстаграмм әлеуметтік желісінде, конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
-мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру бойынша жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 5-жылдан кем болмау;
-педагогтік қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша біліктілік санаты: «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.
- АКТ жұмыс жасап, қолдана білу.