"Туған жер" атты мәнерлеп оқу байқауы
7 ақпан күні біздің балабақшада "Туған жер" атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты —балаларды туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелей отырып, рухани дүниетанымын кеңейту, оқырмандық талғамын,ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері:
- оқуға қызығушылығын арттыру арқылы поэтикалық сөз қалыптасты;
- мәдениетін және туған өлкеге деген махаббатын тәрбиелеу;
- балалардың дарындылығын анықтау және талаптарын ынталандыру;
- мәнерлеп оқуға және актерлік шеберлікке үйрету;
Байқауға 4 - 6 жас аралығындағы дайындық, даярлық, ересек және орта топтардың тәрбиеленушілері қатысты.
Қатысушылардың өнерлерін қазылар алқасы бағалады. Конкурс нәтижесі бойынша жүлделі орындар анықталып, жеңімпаздар мадақтама қағаздармен және сыйлықтармен марапатталды.