"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад № 1  города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қош келдің, Әз Наурыз!" мерекелік ертеңгілігінің сценарийі

14.03.2019

МКҚК «№1 Балабақша»

Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Тақырыбы:

Қош келдің, Әз Наурыз!

«Еркетай»  даярлық тобы

Тәрбиешілері: Тілеген А., Оздоева М.С.

Залда әсем әуен ойнап тұрады.

 Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын! Балалар «Абай» ауылы, «Шоқан» ауылы, «Жамбыл» ауылы болып залға кіреді.

Тәрбиеші:

Наурыз — жыл басы,

Наурыз — қуаныш мерекесі.

Наурыз — бақыт пен шаттық мерекесі.

Наурыз – көктем мерекесі.  Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық.

ӘН: «Көктем, көктем, көктемде»

 Келесі кезекті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Сұлтан:

Наурыз келді тамаша

Ән айтамыз таласа

Атам, әжем той тойлап

Қуанып жүр балаша

Би билейміз тамаша!

Інжу:

Наурыз келді құт болып

Мына бізге сүт болып

Аққа ауызымыз толады

Бар жақсылық болады.

Медина:

 Наурыз келді еліме

 Наурыз келді жеріме

 Байлық бақыт тілеймін

 Бүкіл қазақ еліне!

Тәрбиеші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр. Қош келдіңіз! (музыка). Залға қолында тостағанға құйылған наурыз көже ұстаған әже кіреді.

ӘЖЕ: Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!

— Балалар, менің қолымдағы не?

-Онда не бар деп ойлайсыңдар?

— Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге сұрақ: — Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?

— 7 түрлі

— Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көжеге сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз қосады. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған. Сондықтан да, тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады.

Тәрбиеші: Балалар, қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер? (балалардың жауабы)

Тақпақтар

Бибарыс:

Наурыз тойым, Наурыз тойым.

 Құтты болсың халайық!

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайық.

Жансая:

Осыншама жақсылық

Алып келген Наурызым

 Төрлет бізге нұр беріп,

Шуақ шашып ақ жүзің!

 Алуа:

Уа, халайық, халайық!

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық

Тәрбиеші: Балалар, қазақ халқының ертеден келе жатқан көптеген салт-дәстүрлері бар. Бүгін біз ат қою, бесікке салу және тұсау кесер рәсімдері туралы әңгімелейтін боламыз. Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атың…» деп үш рет қайталайды. Шоқан ауылы ат қою рәсімін көрсетеді.

 ӘН: «Шілдехана бесік той»

ӘЖЕ: Мына наурыз мерекесіне бір әдемі кілемшені әшекейлеуді бастап едім, аяқтай алмай қойдым. Мына көзде көрмейді, кәрілікте келді. Балалар маған көмектесіп жібересіңдер ме? (Әже жерге отырып, кілемшені жайып, оюларын жанына қойып, қалай жасау керек екенін көрсетеді. )

 Тәрбиеші: Әрине, балалар әжеге көмектесеміз бе? ( Әр ауылдан бір баладан шығару) ӘЖЕ: Ой, рақмет, балалар! Өркендерің өссін, көп жасаңдар. Қандай тамаша кілемше болды – деп жайып көрсетеді

Тәрбиеші: Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады,ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі,көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды. Абай ауылы бесікке салу рәсімін көрсетеді.

 ӘН: «Әлди,әлди, ақ бөпем»

Ұлдардың биі: «Қамшы»

Тәрбиеші: Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім. Жамбыл ауылы: Тұсау кесер рәсімін көрсетеді.

Алихан:

Ой, халайық, халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

 Бірге қарсы алайық

Ерсаян:

 Сәнді көктем нұрымен

 Наурыз тойы жырымен

 Көңіл гүлдей жайнасын

Наурыз тойы тойлансын

Ақнұр:

Құт бауырсақ шашылып,

Наурыз тойы ашылсын

Бір бірімен мына жұрт

Көрімдігін асырсын

ӘЖЕ:

Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Балалар, қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? Балалар: асық, арқан тарту, ормамал тастау, қыз қуу, теңге ілу. ӘЖЕ: Рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық ойындардың бірі асық ату ойынын, ойнауға бір дорба асықтар ала келдім.

Ұлттық ойын. «Асық»

ӘЖЕ: РАҚМЕТ! Сау болыңдар! Наурыз құтты болсын! (Батасын беріп шығып кетеді)

Тәрбиеші: Балалар, қазір мен ата- аналардың және сіздердің тапқырлықтарыңызды тексеріп көрем. Ол үшін мен бір тыйым сөздің басын бастаймын, ал сіздер сол сөзді аяқтау керексіздер. Дайынбыз ба? Бастаймыз.

Б: Үйде ысқырма

А:Үлкеннің жолын кеспе

 Б:Саусағыңды аузыңа салма

А: Асты үрлеме

Б:Тіліңді шығарма

 А: Жақты таянба

Б: Табаныңды тартпа

А: Тізеңді құшақтама

 Б: Есікті қатты жаппа

А: Бір қолмен нанды үзбе

Б:Үйге қарай жүгірме

А: Есікті керме

Б:Құстардың ұясын бұзба

 А: Бос бесікті тербетпе

 Би: «Қара жорға»

 Тәрбиеші:

Тойла бүгін тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.

 Мереке боп келген бүгін Наурызым!

 Береке бол ешқашанда тозбаған! – дей отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

 

Просмотров: 686


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст