Текст
Аялайық ананы!
Балабақшада барлық жас топтарында 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. Музыка залы безендіріліп, балалар әсем киініп көтеріңкі көңіл күймен мерекелік ертеңгіліктерге қатысты. Аналарына, әжелеріне арнап тақпақ, ән айтып, би биледі. Дайындаған сыйлықтарын аналарына, әжелеріне табыс етті. Даярлық тобында «Қыз сыны» байқауы өтті. Қыз балалар өз өнерлерін ортаға салды. Олар тамаша ән салып, би билеп, қолөнерлерімен таң қалдырды.