"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад № 1  города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсомоторлық дамуын жетілдіруде М.Монтессори технологиясын қолдану мүмкіндіктері

12.10.2017

Мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсомоторлық дамуын жетілдіруде

М.Монтессори технологиясын қолдану мүмкіндіктері

1.Балабақша –

балалар үшін екінші үй, сондықтан оның ішінде балаларға қуанышты және жайлы

болу керек;

2. Балалардың

толық және жан-жақты дамуы үшін, ойнауға, демалуға және оқуға арналған ұйымдастырылған

орта болу керек.

Бағдарламаларды

талдау нәтижесінде, дидактикалық және ойын материалдарының қандай болу

керектігін ойластырып, балаларға олардың жас ерекшелігін ескере отырып,

заттық-даму ортасын құру, әсіресе негізгі көңілді, балаларда сенсорикалық

қасиеттерінің дамуына бөлу керек.

Балабақшаға

алғашқы келген балаларды әдемі, ашық түсті, түрлі-түсті көмекші құралдармен,

ойыншықтармен қызықтыру керек. Театр ілгіштен басталса, балабақшада шешінетін

жерден басталады. Сондықтан да балаларды балабақшада қарсы алған кезде

кіреберістен бастап жайлы болуы керек. Балаларға түрлі-түсті полкаларда

орналасқан ашық түсті, жұмсақ, сүйікті т.б. түрлі ойыншықтар ұсынылады. Үйдің

образын балабақшада бөлменің интерьері қалыптастырады. Ұйықтайтың бөлмеге

кірген кезде балалар сенсорлы-түрлі түсті жолақтан өтіп, оны дене түйсігі

арқылы сезінгені жақсы.

Сенсорлы

бұрышты ұйымдастыру барысында біріншіден топтық мекеме ішіндегі орналасу орнын

анықтау керек. Ол балаларға ыңғайлы жерде орналасуы керек. Бұрышқа сенсомоторлы

объектілерді таңдауда ерекше көңіл бөлінеді. Олар балалардың өміріне және

денсаулығына қауіпсіз объектілер болуы тиіс. Бұрыш сабақ тақырыбына және

қажеттіліктерге байланысты енгізілетін, негізгі және қосымша объектілерден

тұрады.

Сонымен қатар

сенсорлы тәрбие мәселелерін шешу үшін әр-түрлі тақырыпты қосымшалар алынады.

Арнайы дайындалған ойыншық-тасбақалардың көмегімен балалар әр-түрлі

қосымшалармен жұмыс жасайды. Табиғат мезгілдері құбылыстарымен таныса отырып,

спектр түсін атауда, көңіл көтеріп, жаттығады.

Осындай үйдің

формасы сияқты «Ковралин» - ойын арқылы оқыту құралы, осы үйге балалар

түрлі-түсті жіптер, геометриялық пішіндер, қыстырмалар, жанында түрлі-түсті

вагондарды жабыстыра алады. Қолдың ұсақ моторикасын дамытып, заттардың

қасиеттері, түстері, өлшемдермен таныстырады.

Сөйлеу

қабілеттерін дамыту үшін – қуыршақтарды, қолғап қуыршақтарды қолданып театр

ұйымдастырады, туған күндерде, ерекше күндерде ертегілер ойналады. Бала ерекше

қызығатын заттар туралы талдау жасау керек, сонымен қатар баланың, сөздерді

дұрыс айтуын, сұрақтарға жауап беруін қадағалау, үйрету керек.

Көру

қасиеттерінің дамуы үшін: түстерді атап, анықтайтын, контрастылы өлшемдерді

(үлкен, кіші), формаларды қарастыратын ойындарды ойнаған дұрыс.

Келесі  дидактикалық ойындарды қолдануға болады:

Түске байланысты ойындар: «Кесеге сәйкес келетін қасық

таңдау»,

«Ауа шарлары», «Қуыршақтарға

моншақтар мен ойыншықтар таңдау», «Сиқырлы қапшық», «Әдемі қоршау», «Гүлді

отырғыз», «Қоңыз адасты» және т.б.

Формаға байланысты ойындар: «Кез келген затты құрастыр», «Құрлысшы», «Сиқырлы

мозайка», «Түрлі-түсті пішіндер» және т.б.

Өлшемге байланысты ойындар: «Сиқырлы қобдиша», «Шарлар», «Құрлысшы»,     «Затты

құрастыр» және т.б.

Қолдың ұсақ моторикасының дамуы үшін және заттардың әр-түрлі қасиеттерімен таныстыру үшін

келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз: «Моншақ жаса», «Қысқышты сыйла»,

«Жапырақтарды қой», «Сиқырлы таяқшалар», «Түймелі алаң», «Баулар», «Баланы ора»

және т.б.

Құммен, сумен, қармен ойнау

барысында балаларды осы материалдардың

қасиеттерімен таныстырамыз (құм шашылады, сулы затты жабыстыруға болады,

ыдыстағы суды шәшкелерге құямыз).

Әр-түрлі жазу құралдары арқылы

түрлі-түсті және қасиеті әр-түрлі заттардың бетіне жазу, қамырдан әр-түрлі

заттарды жасауды үйрету.

Балалардың қозғалу белсенділігін

арттыру үшін топ ішінің әр бұрышында әр

түрлі материалдан жасалған ойыншықтар орналастыру.

Балалар жұмсақ сырғымадан сырғанауды, әр-түрлі көлемдегі доптармен ойнауды,

баспалдақтарға мініп, одан түсуді, гимнастика жасауды, тастармен ойнағанды,

суарғанды, арам шөп жұлғанды, ойыншықтарды сүйрегенді жақсы көреді. Балалар бір

заттың үстіне отырып жүргенді, сырғанағанды, музыкамен билегенді, қол және аяқ

координациясын сақтауды да жақсы көреді.

Сонымен қатар әр-түрлі қимылдар

жасайтын ойындарды ұнатады: «Допты қуып жет», «Өзен арқылы», «Ұшақтар», «Мені

қуып жет», «Қақпаға», «Ақ қоян отыр», «Қайда дауыстайды», «Пойыз» және т.б.

Есту қабілетін дамыту үшін әр-түрлі дауыс шығаратын ойыншықтар алу керек немесе

мультфильмдерде айтылатын әндерді салу керек. Музыкалық қабілетін арттыру үшін,

музыкалық аспаптарда ойнаймыз, музыкалы-дидактикалық ойындар ойнаймыз: «Үйде

кім тұрады», «Динь-дон», «Қай аспапта ойнағанымды тап» және т.б.

Әр-түрлі дауыстары бар касеталар мен дисктер қолданамыз: үй жануарларының және

құстарының дауыстары, табиғаттың әр-түрлі дауыстары, судың дауысы, жаңбырдың

даусы, жапрақтардың қозғалған даусы.

Иіскеу сезімдерін дамыту керек. Иістер дене мен сана арасындағы байланыс функциясын

атқарады. Осыған байланысты баланың көңіл күйіне әсер етуге болады; яғни

сергітуге немесе тыныштандыруға болады және т.б.

Ойындар: «Менің жақсы ұнататын

иісім», «Гүлдердің жұпар иісі», «Иісті таны» және т.б.

Ұстап сезіну үшін әр-түрлі фактурадағы материалдар (тері, жібек,

қағаз т.б.), қолға білінетін әріптер мен сандар. Балалар формасы

әр-түрлі заттармен ойнағанды жақсы көреді.Ойындар: «Қолмен ұстап біл», «Тауып

көрсет», «Затты сипатта» және т.б.

Балабақшада қолданылатын сенсориканы

дамытушы ойындардың ішінен мына

ойындарды мысалға келтіруге болады:

«Себеттегі

қысқыштар»

Мақсаты:қолдың ұсақ

қимылдарын дамыту

Қажетті

құралдар:

ағаш қысқыштар,

шеткі жиегі қалың емес ағаш себеттер.

Барысы: кәдімгі

себеттің жақтауларына киім қысуға арналған қысқыштар қыстырылады. Бұдан кейін

балаға оларды үш саусақпен (қалам ұстайтын саусақтарымен) қайтадан шешіп алып,

себетке салу ұсынылады. Бар жаттығу осы. Бұл өте қарапайым болып көрінуі

мүмкін, алайда кішкене балаға затты сезіну және онымен механикалық іс-әрекет

істеуі маңызды. Аталған саусақтарды дамыту баланың тез жазып үйренуіне түрткі болады.

Егер тапсырманы

қиындату керек болса, жылдам орындау нұсқауын беруге болады. Балаларды екіден

жұптастырып қысқыштарды алдымен қыстырып соңынан шешкізіп ойнатуға болады

«Моншақтарды

пинцетпен ауыстыру»

Мақсаты: ұсақ қимыл

қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Үйлестік.

Қажетті

құралдар: кішкене ыдыста ұяшықтары бар тұғырнама, пинцет және моншақтар салынған

ыдыс. Ыдыстағы моншақ саны ұяшықтағы моншақ санына тең болуы керек. Барлық

бұйымдар түстері бойынша бір-біріне сәйкес.

Барысы: бала бұйымдар

бар ыдысты алдына қояды. Пинцетті оң қолына алып, ыдыстағы моншақтарды

тұғырнаманың ұяшықтарына ауыстырады. Ұяшықтар толтырылғаннан кейін керісінше

моншақтарды пинцетпен ыдысқа ауыстырады. Бұл жаттығу қол қимылдарының үйлесуін

жақсы жетілдіреді, бала кейін ұсақ әріптерді жазады. Жаттығу баланың зейінінің

шоғырлануын және ішкі тыныштықты талап етеді. Бала жаттығу үстінде моншақты

түсіріп алса, ол қате деп есептелмейді. Жіберген қатесін бала өз бетінше түзете

алады.

Дәндермен ойын:

— әр түрлі ыдыстағы араласып кеткен бұршақ пен

асбұршақты бөліп, тер;

— дәндерді салу және араластыру, қолға ұстап

уқалау;

— ыдысқа дәндерді төгіп, әр түрлі өрнектер

құрастыру.

Тапсырмалардың баланың кеңістікті бағдарлауына,

сезімдік қабылдауына, шығармашылық қиялын дамытуға және ұсақ қол моторикасын

дамытуға септігі мол.

Түймелер

мен моншақтармен ойындарда балалар жіпке өткізеді,

түймелер мен моншақтарды тереді. Бала қолын жаттықтырады, алғырлығы дамиды,

үлкен-кіші түсінігі қалыптасады. Моншақ ретінде шаршыларды, дөңгелектерді, ағаш

жапырақтарын, құрғақ дәндерді пайдалануға болады.

Құрғақ

бассейн – жасырынған әр түрлі

ойыншықтарды табуға арналған.

Баланы іздестіруге бағыттай отырып, көп ойыншықтың

ішінен қолдың саусақтарымен іздей отырып, тек қана қоянды табу сұралады.

 “Міне қандай таяқшалар”.

Мақсаты: таяқшаларды

түсіне қарай ажыратуды үйрету, оларды сәйкес келетін тесікке салу. Ұсақ қол

моторикасын дамыту.

Дидактикалық материал: жылтыр қорап, түрлі түсті таяқшалар.

«Тағамдардың дәмін ата». Заттардың негізгі қасиеттерін дәмі арқылы ажыратуды

дамыту.

Мақсаты: заттарды дәміне қарай ажыратуды үйренеді.

Барысы: баладан суреттерде берілген әр түрлі тағамдардың,

көкөністер мен жемістердің дәмін атауды сұрайды. Мысалы: лимон — дәмі қышқыл,

шырынды, денені сергітеді; нан — хош иісті, жаңа піскен, кәмпит — тәтті, ішінде

қоспасы бар, мұзды немесе шоколад кәмпит, сарымсақ — ащы, иісі өткір, ащы.

Баланың

жас кезінен сенсомоторлық қабілетін дамытуда Монтессори технологиясын қолдану

өз нәтижесін береді.

 

 

Просмотров: 1093


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст