Жазғы сауықтыру-шынықтыру шараларының есебі
Мектепке дейінгі ұйымның алдында тұрған жауапты міндет: жан-жақты жетілген, дені сау жеке тұлғаны тәрбиелеу. Жаз мезгілі-бала өміріндегі ерекше кезең болғандықтан, балабақшада бүлдіршіндердің денсаулығын нығайтуға арналған сауықтыру-шынықтыру шараларына ерекше көңіл бөлінеді.
Жазғы сауықтыру жұмыстарының негізгі мақсаты:
-балабақшада балалармен жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға ең тиімді жағдайлар жасау және балалардың жазғы мезгілде танымдық қызығушылығын дамыту;
-балалардың спорттық іскерліктерін дамыту және балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру; балалардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызу.
Жазғы сауықтыру-шынықтыру жұмыстарының негізгі міндеті:
-әрбір бүлдіршіннің қабілеттерін ашуға
қажетті жағдай жасау;бала өмірін қызықты және мазмұнды ету;
-құрдастармен және ересектермен қарым –қатынаста жұмыс жасауға үйрету;
-дене және психикалық денсаулығын нығайту,
- қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
- спорттың әртүрлі түрлерімен айналыса білуге мүмкіндік беру;
Мектепке дейінгі мекемеде жазғы сауықтыру жұмыстары жылдық жоспарға сәйкес ұйымдастырылды және тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау, денсаулықты сақтау тәртібін ұйымдастыру, балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталды. Тәрбиеленушілердің таза ауада көбірек болуына, қимылды ойындар арқылы қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға, спорттық ойындарға, ойын-сауықтарға үлкен мән берілді.
Жазғы мезгілде балалардың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
Балаларды таза ауада қабылдау, таза ауадағы ертеңгілік жаттығулар,серуен,серуендегі қимылды ойындар, сергіту сәттері,ұйқыдан кейінгі ояту жаттығулары, шынықтыру шаралары,су процедуралары сияқты сауықтыру шынықтыру жұмыстары күнделікті жүргізілді.
Жаз мезгілінде ата-аналармен жұмыс жалғастырылды. Ата-аналарға ақыл-кеңестер берілді, әңгімелер жүргізілді.
Шілде, тамыз айларында апталық жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізілді.